“10 885 емес, 3000 теңгенің сыйлығы” — Жетісу облысында аз қамтылған отбасыларға берілген тәттілер дау тудырды (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіде тараған видеода көпбалалы және аз қамтылған отбасылар әкімдіктен алған жаңа жылдық сыйлықтарын түсірген. Бірақ әрқайсысына 10 885 тенгеден бөлінген сыйлық өз бағасына мүлде тұрмайтыны айтылған.
“Сыйлықтың ішінде бірнеше кәмпит, чупа-чупстер, жаңғақ, кішкендай сусын мен Kinder surprise бар. Бәрінің бағасын қосқанда 3000 теңгеден аспайды”, – дейді ашынған көпбалалы ана.
Stan.kz сайтының ақпарат көздеріне сүйенсек, биыл аудан бюджетінен 1161 сыйлыққа 12 753 585 теңгеге жуық қаражат бөлінген.