10,11,12 шілдеде қандай шаралар болады: Нұр-Сұлтан, Алматы

0

Sputnik Қазақстан 10 шілдеде өтетін шаралар тізімін ұсынады. Сондай-ақ 11 және 12 шілдеге не жоспарланғанын біле аласыз

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – «Орхусс конвенциясын Қазақстанда жүзеге асыру» тақырыбына арналған ұлттық дөңгелек үстел. Шарада келесі тақырыптар талқыға салынады: Қазақстандағы Орхусс қозғалысының 2018-2020 жылдарға арналған даму жоспары, Қазақстанның табиғи ресурстарын пайдалану және қоршаған ортаның жай-күйі туралы интерактивті баяндама әзірлеу, ҚР Экология кодексінің жобасын әзірлеудің жай-күйі, Қазақстан заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, қоршаған ортаны қорғау саласында сот төрелігіне қолжетімділік мәселелері, қоршаған ортаға әсерді бағалау және стратегиялық экологиялық бағалау жүйесін жетілдіру. («Park Inn By Radisson» қонақ үйі, Сарыарқа, 8 даңғылы. Аккредитация бойынша +7 701 990 92 26 нөміріне хабарласуға болады).

11.00 – индустрияландыру және қазақстандық автоөнеркәсіпті дамыту туралы баспасөз мәслихаты. Спикер – индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов (аккредитация +7 (7172) 75 00 10 нөмірі немесе press.kpm@mail.ru поштасы арқылы жасалады).

11.30 – Қазақстан индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ауылшаруашылығы техникасына утилизациялық алым енгізу бастамасына арналған брифинг. Шарада, сондай-ақ, оның азық-түлік бағасына әсері талқыланады (Hilton Garden Inn қонақ үйінің мәжіліс залы, Қабанбай батыр, 15).

16.30 – Тәуелсіздік сарайында журналистер арасында өткен Х республикалық «Nur Suńqar» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі (Тәуелсіздік даңғылы, 52. press@nurotan.kz поштасы немесе 8-7172-707-601, 8-707-854-08-53 нөмірі арқылы аккредитация жасауға болады, Nur Otan партиясының баспасөз қызметі).

АЛМАТЫ

11.00 – Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Андрей Бельянинов баспасөз мәслихатын өткізіп, банктің 2019 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы жұмысын қорытындылайды. Шара бейне конференция байланысы арқылы кеңседе және банктің Алматы, Бішкек, Душанбе, Ереван, Минск, Мәскеу және Нұр-Сұлтандағы өкілдіктерінде өтеді (ЕДБ-ның Алматыдағы кеңсесі, Қазыбек би көшесі, 41. Аккредитация +7 777 750 00 08 және pressa@eabr.org поштасы арқылы жасалады)

14.30 – «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басшылығы банктің купондық облигацияларын орналастыру бойынша инвесторлармен кездеседі («Almaty Towers» кешені, Байзақов көшесі, 280.  customers@kase.kz  поштасы арқылы аккредитация жасауға болады)

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

10.00 – «Агросаябақтағы жаз» алқап күні. Шараға ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров қатысады. Іс-шарада аграрлық ғылымды дамыту, мемлекеттік сектордың бизнес-құрылыммен өзара іс-қимылы, егін егуде аграрлық ғылымның жаңа әзірлемелерін қолдану, агротехнологияларды дамыту және басқа да өзекті мәселелер талқыланады. Сондай-ақ, дәнді дақылдардың жаңа сұрыптары, шаруаларға қолжетімді техника мен технология таныстырылады («Оңтүстік» агросаябағы, Жалпақсай кенті. +7 747 180 38 34, +7 702 271 71 21 немесе info@agropark.kz поштасы арқылы аккредитация жасауға болады).

11 шілдеге жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – Қорғас қаласының (ҚХР) туристік әлеуетінің таныстырылымы өтеді. Қазақстан-Қытай туризмін дамыту мүмкіндіктері талқыланады («Ritz-Carlton» қонақүйі, Достық көшесі, 16. Аккредитацияны +7 701 949 88 09 телефоны арқылы жасауға болады).

13.00 — Қостанай облысының Краснооктябрь учаскесіне пресс-тур ұйымдастырылады. Ол жерде мырыш кенін іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қозғалыс схемасы: Нұр-Сұлтан – Қостанай, Қостанай – Қамысты және Таран аудандары (Жиналатын орын: «Москва» бизнес орталығы, Достық көшесі, 18, +7 701 701 01 34 телефон нөмірі немесе press_kazgeolog@mail.ru электронды поштасы арқылы аккредитация жасауға болады).

АЛМАТЫ

10.00 – Жастар денсаулық орталықтарын дамытумен айналысатын ресурстық орталықтың ашылуы (Төреқұлов көшесі, 73. Аккредитация + 7 701 765 40 10 нөмірі немесе teltayeva@unfpa.org электронды поштасы арқылы жасалады).

12.00 — Eco Day өтеді. Эко-блогерлер мен белсенділер қатысады. Олар тұрмыстық қалдықтарды дұрыс бөлу, экологиялық сауаттылық мәселесін талқылайды (Stol_Project, Ботаникалық бақ, 21).

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

12.00 – мыс кен орнын іздеуге арналған инновациялық геофизикалық технология іске қосылады. Дронмен аэромагниттік түсірілім жасалады. Сондай-ақ, мыс кен орнын анықтауға арналған «OneVision IP»  зондтаудың жаңа технологиясы қолданылады ( Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Озерное учаскесі, Қарағандыдан оңтүстік-шығысқа қарай 230 км жерде).

12 шілдеге жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.30 – пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатына арналған баспасөз мәслихаты (Конгресс орталығы, Сауран көшесі, 44. Байланыс нөмірі +7 701 979 90 01, pr@paralympic.kz электронды поштасы).

12.30 – пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатының ашылуы. Әлем біріншілігіне 79 елден 450-ден астам атлет қатысады. Қазақстан құрамасы әр салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Ел құрамасының құрамында Рио-2016 Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева, сондай-ақ, 2018 жылы Индонезияда өткен Азия пара ойындарының жүлдегерлері Давид Дегтярев, Рахмеджан Хамаев, Алина Солодухина және Гүлбану Әбдіқалықова сынға түседі (Конгресс орталығы, Сауран көшесі, 44. Байланыс нөмірі +7 701 979 90 01, pr@paralympic.kz электронды поштасы).

19.00 – «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» концерті. Қазақ музыкасы кешінің концерттік бағдарламасына халық әндері, сал-серілердің (Ақан сері, Біржан сал, Естай және басқалары) әндері, отандық сазгерлердің вокалдық және аспаптық туындылары, ұлттық опера классикасының ариялары енген («Астана Опера» театры, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 1).

Жоспарланып отырған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz