1 шілдеден бастап мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы қалай өсетіні белгілі болды — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Қазақстан үкімет бюджет саласындағы төмен жалақы алатын қызметкерлердің жалақысын арттыруға нақтыланған үш жылдық республикалық бюджеттен 170 миллиард теңге қарастырып отыр. Белгілі болғандай, 1 шілдеден бастап 37 мың мемлекеттік қызметкердің жалақысы өседі, деп хабарлайды «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап Stan.kz.

1 шілдеден бастап мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы қалай өсетіні белгілі болды

Еліміздің қаржы вице-министрі Татьяна Савельева бюджет саласындағы төмен жалақы алатын қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін 169,7 млрд теңге бөлінетінін айтты.

«Сараланған кірісті есептей отырып, бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап 169,7 млрд теңге бөлінетін болады. Ұлттық экономика министрлігі облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі еңбек ететін айлығы төмен қызметкерлердің лауазымдық еңбекақысының коэфицентін арттыру жолымен бірыңғай еңбек төлемі жүйесіне өзгеріс енгізіп жатыр. Бұл ретте 37 мың мемлекеттік қызметші қамтылатын болады», — дейді қаржы министрінің орынбасары Татьяна Савельева.

Вице-министрдің сөзінше, жалақының өсуі орташа есеппен 25 пайызды құрайды, мамандардың жалақысы 25-тен 30 пайызға дейін өссе, бөлім басқарушыларының жалақысы 10-нан 15 пайызға дейін көтеріледі. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz