1-ші қаңтардан бастап елімізде темекі қымбаттайды

0
1-ші қаңтардан бастап елімізде темекі қымбаттайды


Қазақстанда 2019 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап темекі өнімдері кезекті рет қымбаттайды.

Енді темекі бағасы, кем дегенде 380 теңге тұратын болады. 

Естеріңізге салсақ, осыдан бұрын үкімет заңға өзгеріс енгізген болатын. Онда Қазақстанда әр жарты жыл сайын темекі өнімдерінің бағасы 20 теңгеге қымбаттайтыны айтылған болатын. 

Осылайша, былтыр бір қорап темекі 320 теңге тұрса, сосын 340 теңге болды.

Ал биыл оның бағасы 360 теңгеге өсті.

2019 жылы темекі, кем дегенде 380 теңге тұратын болады.