1 қыркүйектен бастап қазақстандық мұғалімдердің оқу жүктемесі төмендейді

0
3105

Бұған дейін мектеп мұғалімдері аптасына 18 сағат жұмыс істеген.

Жаңа стандарт бойынша мектеп мұғалімдері балаларға аптасына 16 сағат сабақ береді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 сағатқа аз, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл стандарт 2019 жылдың 27 желтоқсанында қабылданған «Педагогтардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күшіне енеді.

«Мұғалімнің материалдық қамтамасыз ету құқығы» 8-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мемлекеттік білім беру ұйымдарында кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтардың айлық жалақысы, аптасына стандартты оқу жүктемесі есептелсін. Орта білім беру ұйымдары үшін 16 сағат белгіленген. Бұған дейін мектеп мұғалімдері аптасына 18 сағатты қазақстандық балаларға арнаған.