1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнет жасы ұлғайды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Заңға сәйкес, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық әйелдер зейнетке ерлер сияқты 63 жасында шығады

 

НҰР-СҰЛТАН,  2 қаңтар – Sputnik. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнет жасы 59,5 жасқа дейін ұлғайды.  

Қазақстанда 2018 жылдың қаңтарынан ерлер мен әйелдердің зейнет жасын теңестіру жұмысы басталды. Заңға сәйкес, 2027 жылға дейін қазақстандық әйелдердің зейнет жасына жарты жылдан қосылып отырады. Ал ерлер үшін ештеңе өзгерген жоқ – олар зейнет демалысына бұрынғыдай 63 жаста шығады.

2018 жылы әйелдердің зейнет жасы 58,5, ал 2019 жылы 59 жасқа жеткізілді.

Ал биылдан бастап әйелдер 59,5 жасында зейнетке шығады.

  • 2021 жылдың 1 қаңтарынан — 60 жасында;
  • 2022 жылдың 1 қаңтарынан — 60,5 жасында;
  • 2023 жылдың 1 қаңтарынан — 61 жасында;
  • 2024 жылдың 1 қаңтарынан — 61,5 жасында;
  • 2025 жылдың 1 қаңтарынан — 62 жасында;
  • 2026 жылдың 1 қаңтарынан — 62,5 жасында;
  • 2027 жылдың 1 қаңтарынан — 63 жасында.

Десе де, кейбір әйелдердің зейнет жасы өзгермейді. Олардың ішінде көпбалалы аналар және Семей ядролық полигонында тұрған әйелдер бар.

Мәселен, бес және одан көп баланы сегіз жасқа дейін тәрбиелеп өсірген аналар 53 жаста зейнетке шыға алады. Ал Семей ядролық полигонынының жоғары радиациялық қаупі бар аймақтарда бес жылдан артық тұрған әйелдерге 45 жаста, ерлерге 50 жаста зейнетке шығуға рұқсат бар.

Тағы оқыңыз: Жігіт 24 жаста зейнетке шығудың жолын тапты



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз