1 млн. теңге. Қапшағай қаласы білім бөлімі басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Алматы облысы Қапшағай қаласы білім басқармасының басшысы Раиса Ешимова бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Nege.kz chinovnik_kz телеграм-каналына сілтеме жасап.
Раиса Ешимова білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына бөлінген 1 млн теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген.
Бұған дейін Алматы облысы Білім басқармасының басшысы Майгүл Омарованың аса ірі көлемде пара алу күдігімен қамауға алынғаны белгілі болған еді.