1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады

0
10

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қонақ үй, шипажай-сауықтыру кешендері санитарлық нормаларды қатаң сақтай отыра жұмысқа кірісетіні хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр —Sputnik. Қазақстанда 1 маусымнан бастап курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары ашылады.

Шешім премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды.

«2020 жылғы 1 маусымнан бастап қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып, кәсіподақтар федерациясының қонақ үйлері мен сауықтыру санаторийлері және өңірлердегі курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары қызметін қайта бастайды», – деп жазылған премьер-министрдің ресми ақпарат ресурсында.

25 мамырдан бастап Атырау қаласымен ішкі әуе қатынасы жанданады.

Сондай-ақ, 1 маусымнан бастап кезең-кезеңмен ішкі теміржол қатынасын іске қосуға байланысты теміржол вокзалдарының қызметі санитарлық нормаларға сәйкес ұйымдастырылады.

Қазақстан азаматтарын шет елдерден қайтару жұмысы жалғасады.



sputniknews.kz