1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады
Қысқа сілтеме алу
Қонақ үй, шипажай-сауықтыру кешендері санитарлық нормаларды қатаң сақтай отыра жұмысқа кірісетіні хабарланды
НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр —Sputnik. Қазақстанда 1 маусымнан бастап курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары ашылады.
Шешім премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды.
«2020 жылғы 1 маусымнан бастап қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып, кәсіподақтар федерациясының қонақ үйлері мен сауықтыру санаторийлері және өңірлердегі курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары қызметін қайта бастайды», — деп жазылған премьер-министрдің ресми ақпарат ресурсында.
25 мамырдан бастап Атырау қаласымен ішкі әуе қатынасы жанданады.
Сондай-ақ, 1 маусымнан бастап кезең-кезеңмен ішкі теміржол қатынасын іске қосуға байланысты теміржол вокзалдарының қызметі санитарлық нормаларға сәйкес ұйымдастырылады.
Қазақстан азаматтарын шет елдерден қайтару жұмысы жалғасады.
sputniknews.kz