«+1 мәңгүрт»: Баласын орыс сыныбына берген Сәдуақасова сынның астында қалды

0

Баласын орыс сыныбына берген Мадина Сәдуақасова сынның астында қалды.

Отандық әнші оқырмандарын 1 — қыркүйек Білім күнімен құттықтап, инстаграм парақшасына баласымен бірге түскен видеосын жариялады. Ұлының орыс сыныбына барғанын байқаған желі қолданушылары Мадина Сәдуақасованы қатаң сынға алды.

«Орыс сыныпқа барыпты ғой. Әке-шеше өзге ұлттың тілін құптаса. Қазақша ән айтқанда таң қақтырасыз. Не үшін өзге ұлттың біліміне құмар осы қазақтар», «Шынымен біздің атақтылар орыстарға еліктеуін қоймайды. Европада орыс тілін сөйлеуден бас тартып жатса, біздер балаларды тілін бұрып әлекпіз», «Жаман қазақ орыс бола алмайды. Өздері кезінде қазақша оқығандар балаларын орысшаға береді, бір керемет деп ойлайды ғой деймін. Орыстар осындайларға сырттай күледі. Өз тіліңді құрметтесең өзге елде құрметтейді», «Қазақтардан нанын тауып жеп, орыс сыныбына баласын беруіне қарағанда Мадинада ұлтқа деген сүйіспеншілік жоқ», «Орыс болып кететін болды ау, масқара», «+1 мәңгүрт қазаққа», «Орысқұлдар әлі көп екен», — деп жазды желі қолданушылары.