1 мамыр күні Өзбекстандағы су қоймасынан су кетті: Бұл күні Мақтаарал билігі тұрғындарды еш қауіп жоқ деп сендірген — Қазақстан жаңалықтары
Зар еңіреген халық. Құндақтағы баласын бесігімен арқалаған ана. Етігімен су кешкен ерлер. Баспанасынан айрылып, бас сауғалаған бұқара. Әп-сәтте мақтаралдықтардың басына түскен қайғының біз білетін тұстарын тілге тиек етіп тұрмыз. Сіз білмейтін құпия қаншама?
Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарамасында айтылды.
Айтып келген апатты ауыздықтай алмадық. Топан суда қалған халық тентіреп қада барады? Кімнен пана сұрайды? Жемқорлыққа салынған әке мен бала жемқорлыққа қалай жол берді? 15 жыл тазаланбаған каналдар? Қазақстан су шаруашылығы қайда қараған?
Бұл табиғи апат па? Әлде қолдан жасалған қасірет пе? Мұны анықтау үшін комиссия құрылды. Тың деректер таптық.
«Құрметті мақтааралдықтар! Көршіміз Өзбекстан Республикасындағы «Сардаба» су қоймасының апатқа ұшырауы — Мақтаарал ауданына ешқандай қауіп төндірмейді. Қазір жағдай бақылауда. Алаңдаушылыққа бой алдырмай, сабыр сақтауды сұраймыз», — деп жазды Мақтаарал аудандық әкімдігі 1 мамыр күні.
Бейбіт күні көпшіліктің көңілін бұзбайық деді ме, әлде мерекеде жұмыс істегісі келмеді ме, әйтеуір осы ақпаратқа тұрғындар сенді. Алайда сәресіде су астында қалды.
«Әкімдік қауіп жоқ дегендіктен халық алаңсыз отырды. Су астында қалғанда не істерін білмеді. Малын шығара алғандар шығарды, шығара алмағандар бәрін тастап өздері қашты. Бізге үй керек, үйден өлек егініміздің өтемі керек», — деді тұрғындар.
Ал, экономист Оразалы Сәбденнің айтуынша, әр отбасынан кем дегенде 5-6 млн шығын кетті.
«Үйін есептемегенде. Себебі бір үйдегі дүние-мүлкі, киім-кешегі, заттары, ақшасы, алтын-күмісі бәрі суға кетті. Үйі мен егіні, бау-бақша бар. Жылы жақ болғандықтан мақта егеді, көкөніс, жеміс-жидек өсіріп күн көреді. Ал, бір ауылда 1000 адам тұрады деп алсақ, шығын 5-6 млрдқа жетіп жығылады. Бұл жерде су қауіпті емес деп қарап отырған жергілікті билік кінәлі. Штабтың салғырттығы. Су қоймасының қаупі туралы хабарлана сала, алдын алу шарасын жүргізу керек еді. 1 сағаттық жұмыс», — деді ол.
Ал, КТК арнасының Шымкенттегі меншікті тілшісі Бес Әбиев су басқан мекенге журналистерді кіргізбей, бөгет болғаны туралы айтты. Айтуынша, жоғары жақтан келген тапсырма бойынша, блок-бекеттердегі полицейлер журналистер мен блогерлердіаталған аймаққа өткізбеген.
Ғарыштан бақылау жүргізетін халықаралық компаниядаг көмек сұрап, еш жерде жарияланаған деректерді алдық.
«1 мамырда біз алғаш рет Сардабаның жарылған жерін суреттен көрдік. 9-58 де судың қалай ағып жатқанын ғарыштан суретке түсірдік. Су қойма таңғы 5-55-те жарылды. Өзбестанда сел есе бермей, 22 ауылды су басты. Салыстырмалы түрде Сардаба теңіз деңгейінен жоғарыда орналаласқан. Ал, Мақтарал төменде. Сондықтан су төменге аққан. Келген су не топыраққа сіңіп кетуі мүмкін, не буланып кетеді», — деді EOSPatial ЖШС бас директоры.
Өзбекстанда 404 млн долларға салынған су қоймасын өзбек елі ғасыр құрылысына балап, ғажайыпқа теңеді. 2010 жылы іргетасы қаланып, 7 жылдан кейін пайдалануға берілген таптырмас табыс өзі болуы тиіс еді. Алайда араға 3 жыл салып ала шапанды ағайынның арманы ағын сумен бірге кетті.
БАҚ бетінде өзбек елінің сенаторы Әбдуғани Сангиновтың есімі айтыла бастады. Өзбекстандық БАҚ су қоймасын салуға тапсырып берген де, орындаған да сол деп отыр. Сардобаның құрылысы біткен соң билі гидро электро стансасының құрылысын қолға алады. Жауапты мердігер «Тупаланг» гидроқұрылыс. Мекеме сенатордың ұлы Ислам Абдрахмановқа тиесілі. Бұл ақпараттарды әке мен бала жоққа шығаруда.
stan.kz