1 500 әскери міндетті жиынға шақырылады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Қорғаныс министрі тиісті бұйрыққа қол қойды. Ведомство әскери жиындар елде жылына бірнеше рет өткізілетінін еске салды

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. 2020 жылы әскери жиындарға 1 500 әскери міндетті шақырылады. Бұл туралы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығында жазылған.

«2020 жылы 1500 әскери міндетті әскери жиындарға шақырылсын», — деп жазылған құжатта.

Әскери жиындарды әскери басқару органдары, әскери дайындық жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдар өткізеді. 

«Мұндай жиындар елде жылына бірнеше рет ұйымдастырылады», — деді қорғаныс министрлігінде.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

2 сәуір күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерге арнайы жиын жариялаған болатын. 

Тағы оқыңыз: «Тамақ ішуге ұяласың»: астаналық жігіт әскери жиынға неге барғанын айтты — видео

Әкімдер азаматтарды жиынға қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер, әскери комиссариат арқылы шақырады. Олардың денсаулығы, отбасы жағдайы мен жасы сынды жайттар ескеріледі.



sputniknews.kz