Ысырапқа кеткен 1,42 млрд теңге: Нұр-Сұлтандағы ту аумағын қалпына келтіру жұмысына бюджеттен қомақты қаржы бөлінген

0

Нұр-Сұлтан туы тұрған аумақты қалпына келтіруге және абаттандыруға мемлекет бюджетінен 1,42 млрд теңге қаржы жұмсамақшы. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлайды.

Лотқа тапсырыс беруші -« Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Атауы — аумақты жөндеу / абаттандыру жұмыстары; қосымша сипаттама — Нұр-Сұлтан қаласындағы ту тұрған аумағын қалпына келтіру және абаттандыру; Жоспарланған сома 1 423 195 665 тг. », — делінген мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лоттың сипаттамасында.

Ұсынылған құжаттардан «Нұр-Сұлтан қаласындағы ту тігілген аумақты қайта құру және абаттандыру» жұмыс жобасына «VIP Expertiza» ЖШС берген және қаржыландыру көзі елорданың Есіл ауданы әкімінің бюджеттік қаражаты болып табылады.