1-3 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

23 0 0

1-3 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА, 2 желтоқсан — Sputnik. «Қазгидромет» синоптиктері Астана қаласында 27 градусқа дейін аяз болатынын хабарлады. Жел оңтүстік-батыстан секундына жеті метр жылдамдықпен соғады. Түнде температура —23; —25 градус, күндіз —17; —19 градус болады.

Үшінші қаңтарда Астанада аспан ашық болады. Жел солтүстік-шығыстан секундына бес және он метрге дейін соғады. Түнде сынап бағанасы 27 градусқа дейін, ал күндіз 17-19 градусқа дейін төмендейді.

Алматы қаласында екінші қаңтар күні қар жауып, ауа температурасы күндіз нөлден минус екі градусқа, ал түнде 7 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Үшінші қаңтарда да аспан ашық болып, күндіз ауа температурасы —1; —3 градус, түнде —6; —8 градус болады.

Шымкентте қар аралас жаңбыр жауып, ауа температурасы күндіз +3; +5 градус болып, түнде 0; —2 градусқа дейін суытады. Үшінші қаңтарда да қар аралас жаңбыр жауып, күндіз ауа температурасының +2; +4 градус, ал түнде —2; —4 градус болуы ықтимал.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/