1,3 млн оқырманы бар отандық блогер ЛГБТ туын өртеді (видео)
Әлеуметтік желінің белсенді қолданушыларының бірі Мерей Жолшы ЛГБТ жалауын өртеді, деп хабарлайды ЭК.
Ол видеосын әлеуметтік желіге жүктеген. Видеода балаларға арналған ойыншық — попитті де өртегені көрінеді.
Ер мен ердің, әйел мен әйелдің жұп болуы — кез-келген дінде жек көрілген амал. Аллаһтың лағынетіне ұшырағандарға біздің текті елде орын болмауы қажет. Себебі, қазақтың мықтылығы — тектілігінде,
Әлеуметтік желіде бұл видео қызу талқыланып жатыр. Оның бұл видеосына лайк басқандардың арасында танымал әнші Алтынай Жорабаева да бар. Ал пікірлер әдеттегідей екіге бөліген. Бір тәулікте блогердің видеосына 2000-ға жуық коммент жазылған.