1,2 млрд теңгенің ноутбуктері: Тапсырысты орындаған компания түсініктеме берді

0

KzNews еркін ақпарат алаңы. Сайтымызда жарияланған «1,2 млрд теңге: Нұр-Сұлтан білім басқармасы 120 мың тұратын ноутбукты 200 мың теңгеден алған» атты жазбаға бүгін жауап келіп отыр. Нұр-Сұлтан білім басқармасының тапсырысын орындаған «Best buy 01» ЖШС ноутбуктың бағасына қатысты ақпарат негізсіз екенін айтып, өз уәждерін жеткізген екен.

«2021 жылы 28 наурызда KzNews.kz сайтындағы жаңалықтар бөлімінде «1,2 млрд теңге: Нұр-Сұлтан білім басқармасы 120 мың тұратын ноутбукты 200 мың теңгеден алған» тақырыбымен жарияланған мақалада көрсетілген ақпаратты жоққа шығару мақсатында келесіні хабарлаймыз.

2020 жылдың қыркүйегінде «Best buy 01» ЖШС КММ «Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасына» бір данасы 200 000 теңгені құрайтын (ҚҚС есебімен) 5 400 дана көлемінде Dell Latitude 3190, 11,6 HD Intel Pentium N5030/8Gb/SSD128Gb/Win10Prp(210-ANVD_KZ_LC2) үлгідегі  ноутбуктарды жеткізген болатын.

Dell ноутбук өндірушісінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, бүгінде жоғарыдағы конфигурациядағы Dell Latitude 3190 ноутбугының құны 619 АҚШ долларын құрайды, бұл Қазақстан Ұлттық Банкінің ағымдағы бағамы бойынша (бір доллар үшін 424,28 теңге) 262 629,32 теңгені құрайды.

Растамасы сілтеме бойынша:

https://www.dell.com/en-us/work/shop/cty/pdp/spd/latitude-11-3190-laptop/bto006l319011us

Сондай-ақ осы үлгінің бағаларын және ноутбуктың конфигурациясын қазақстандық сайттардағы сілтеме арқылы көре аласыздар:

Dell компаниясының ресми дистрибьюторларының бірі «Apple Tech Kazakhstan» ЖШС-нде 211 844 теңге (ҚҚС есебімен).

https://www.apltech.kz/tovar/174460/dell-latitude-3190-210-anvd-kz-lc2

ANTS компаниясында 206 391 теңге (ҚҚС есебімен).

https://ants.kz/kompyutery/noutbuki/36670-dell-latitude-3190-210-anvd-kz-lc2-detail.html

BServise компаниясында 199 000 теңге (ҚҚС есебімен).

https://alfa.kz/pc/notebooks/transformer/dell/latitude_3190/7269251

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу порталында (https://www.goszakup.gov.kz/) барлық бағалар ҚҚС-сыз көрсетілгенін, сондықтан «Best buy 01» ЖШС коммерциялық ұсынысында ноутбуктың бағасы 178 571 теңге ҚҚС-сыз көрсетілгенін нақтылағымыз келеді, ал ҚҚС есебімен бір ноутбуктың құны 200 000 теңгені құрайды» делінген компания хабарламасында.