1, 2, 3 қыркүйекте ауа райы қандай болады: дабылды ескерту жарияланды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Синоптиктер қыркүйек айындағы ауа райына болжам жасаған еді

НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Қазақстанның үш облысында күн суытуына байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«1-3 қыркүйек аралығында түнде Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3°С үсік жүреді», — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Еске сала кетсек, кеше Нұр-Сұлтан қаласында қатты жел тұрды. Табиғаттың тосын мінезінен ағаштар құлап, көліктерге зиян келді. 30 тамызда елордада желдің күші секундына 20 метрге жеткен.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтандағы дауылдан ағаштар құлап, көліктер қирады – видео

Бұған дейін синоптиктер күздің алғашқы айындағы ауа райына болжам жасаған еді. Қыркүйек айының басында арктикалық ауа массасы әсерінен елдің солтүстік-батысы мен орталығында ауа райы жауын-шашынды болады. Батыс пен орталықта 22 градусқа дейін жылы болады деп болжанып отыр. Ал оңтүстік пен шығыста жаңбыр көп жауады. Ауа температурасы төмендейді.



sputniknews.kz