Түркімен билігі Ашғабадтағы сейсмикалык қауіпті аймаққа 35 қабатты ғимарат салмақ

0

Түркімен билігі Ашғабадтың сейсмикалық жағынан қауіпті делінетін аймағынан 35 қабатты ғимарат салуды жоспарлап жатыр, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Түркіменстанның Құрылыс және архитектура министрлігінің Мемлекеттік экспертизалар басқармасының басшысы Мурад Непесов мәлімдеді. Непесов 35 кабатты ғимарат орталық қаланың солтүстігінде салынып жатқан «Ашғабад-сити» кешенінің аймағынан орын алатынын айтты.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов былтыр астанада «Ашғабад-сити» салынады деп мәлімдеген. Жобаға сәйкес, кешеннің жалпы аумағы 744 гектарды құрайды және ол жерден 200-ден астам ғимарат салынады.