6 жасында педофил атасынан жүкті болды: Лиза қыздың жантүршігерлік оқиғасы

0

Перуде 5 жасында босанған Лина Медина адамзат тарихында ең жас ана болып қалды. Десе де КСРО-ның осыған ұқсас тарихы бар. Лиза қыз небәрі 6 жасында атасынан сәби босанады. Оның тағдыры туралы естіген жан еріксіз көзге жас алады, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Қыз бала отбасымен бірге Харьковте тұрған. Әке-шешесі жұмысқа кеткен кезде оны атасы қарайтын. Бір күні ерлі-зайыпты қыздарының іші үрленіп бара жатқанын байқайды. Дәрігерлер оның жүкті екенін, жыныстық ерте жетілу болғанын айтады.

Харьковтегі медициналық университетінің маманы Валентин Грищенко 1934 жылы жүкті болған Лизаның видеоларын сақтап қойған. Ал оның әкесі Иван Грищенко қыз баланы босандыруға қатысқан. Валентин Грищенко — Лизаның бірге қуыршақ ойнаған құрдасы.

Қыздарының жүкті екенін білген соң, ерлі-зайыпты сәбидің әкесін іздеуге кіріседі. Лиза өзін атасынан ерекше құшақтап, түнде жанына жатқанды жақсы көретінін айтады. Сондай-ақ, жүктілікке алып келген ойын туралы да баяндайды.

Лиза ересек әйелдер секілді тоғыз ай көтеріп босанады. Тіпті, ауруды басатын дәрілер де салынбаған. Алайда босанып жатып кіндігі түскендіктен, бала өлі күйінде туады.

Бүгінде Валентин Грищенко кесарь тілігін жасағанда баланың тірі туатынына сенімді. Қыздың салмағы – 3кг, бойы – 50 м.

Әлі күнге дейін отбасының педофил атаға қандай жаза қолданғаны белгісіз. Ерлі-зайыпты Лизаны алып, Таяу Шығысқа көшіп кетеді. Кей мәліметтерде, атасының да солармен бірге кеткені жазылған. Кейін қыздың анасы клиникаға хат жазып, Лизаның мектепке барып жүргенін айтады.

Журналистер қыз баланы іздеп табаалмады. Кей жерде оның 1942 жылы босанып жатып көз жұмғаны және тегін Пантуева деп ауыстырғаны туралы жазылған.