Түс жору. Түсіңізде шаш өру нені білдіреді?

0

Түсіңізде шашыңыз ұқыпты жиналып тұрғанын көру бақытты келешек жайлы хабарлайды. Ал шашты өру не білдіретінін назарларыңызға Еnigma-project сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ ұсынады.

Түсіңізде шаш өру өміріңізді қалпына келтіру керек екенін білдіреді. Бұл кезде туыстармен татуласып, отбасы мен жұмыстағы ахуалды түзетуге болады.

Сіздің шашыңызды біреу өріп жатса, сіз туралы өсек тарайды деген сөз. Сезімдеріңізді бақылауда ұстап, беделіңізді түсірмеңіз.

Ал басыңыз бос болса, шаш өргізу көп ұзамай отбасылы болатыныңызды хабардар етеді. Ал отбасыңыз болса, шашыңызды тарқатып, қайта өру жұбайыңызбен ұзақ уақытқа айырылысатыныңызды, тіпті ажырасатыныңыз жайлы ескертеді.

Ал егер біреу шашыңызды тарап, сосын өріп берсе, көп ұзамай саяхатқа аттанып, махабатыңызды жолықтырасыз.

Түсіңізде шашыңыз бағынбай жатса, шынайы өмірде әріптестеріңіз бен жақындарыңыздан сөгіс аласыз. Олар сіздің жауапсыздығыңызды сынға алады.

Ал керісінше шашыңызды өргенде ол бірден әдемі болып жатса, онда қарсыластарыңызды аузыңызға қаратасыз деген сөз