Түс жору: Түсінде су көрудін мағынасы қандай? Түске су кірсе. • Түс Жору

0

Түс жору: түсіңізге су кірсе сол түстің мағынасы қандай ?

Миллер түс жоруы бойынша- су:

  • Таза суды көру – дəулетке бөлену ықтималдығы мен лəззатқа.
  • Су лай болса, қуаныштың орнын өкініш басады.
  • Үйіңізді су басса – зұлымдықпен күресесіз, су кете бастаса – қауіпті ықпалға берілесіз.
  • Ылғалды жермен жүріп, аяғыңыздың сулы бола бастауы – бақытсыздыққа . Қиын сұрақтарды шешуге итермелейтін сəтсіздік, кедейлік жəне ауру туралы баяндайды, бірақ мұқияттылығыңыздың арқасында бұл тығырықтан шығасыз.
  • Кемені басқан лай су да осы мағынада.
  • Лай суға құлау – көптеген қапалы қателіктер жіберіп, соған өкінетін боласыз.
  • Кір суды ішу – ауруға, ал таза суды ішу – үміт артқан ең күрделі істердің оң аяқталатындығына.
  • Суда спортпен айналысу – махаббаттың кенет оянуы.
  • Басыңызға су тамшылары тисе – махаббатыңыздың ашылып, баянды болуына.

түсте су көру түс жору

Ванга түс жоруы бойынша – су

  • Су – өзгерістің, ұмытудың , қиындықтың шешілуінің , жаңарудың жəне алға басудыңбелгісі.
  • Таза салқын су ішу – өмір жаңарып, айналадағы адамдардың көбімен сіз де тазарып, қайта туасыз.
  • Үстіңізден шелектеп су төгілсе – қарсыласуға келмейтін ықпалдың астында қаласыз.
  • Лай суды көру – қайғы, адамдармен арадағы қиындық. Сабырлы болмасаңыз, жаныңызды лайықсыз дүниелермен улап алуыңыз мүмкін.
  • Үйіңізді су басса – көптеген жаңалықтарға көмілесіз,оның біреуі сіздің өміріңізді, адамдармен қарым-қатынасыңызды түбегейлі өзгертуі мүмкін.
  • Суға бату – істердің өз ретімен жүруіне қарсыласу, нәтижесінде денсаулықты құртып, өмір жасын қысқарту.

Сіздің түсіңізге лайықты түс жоруы: Теңіз, Су тасқыны, Көл