Түс жору: Түсінде қан көру. Қан түске кірсе ол нені білдіреді? • Түс Жору

0

Түс жору: қан түсінде нені білдіреді?

Миллер түс жоруы бойынша

  • Қанға былғанған киім алдыңызда күтетін мансабыңызға кедергі келтіргісі кететін жауларыңыздың бар болуы мүмкін екендігін білдіреді. Бұл түсті көрген адам сенімсіз жаңа танысулардан алшақ болуы қажет.
  • Жарадан сорғалаған қанды көру – денсаулықтың нашар болуы немесе күтілетін қиындықтар, шетелдік синдикаттармен арадағы келісімдердің салдарынан туған жұмыстағы келеңсіздіктерге.
  • Өз қолындағы қанды көру – шұғыл түрде өзіңізге, ісіңізге сақтықпен қарамасаңыз, алдан шығатын сəтсіздіктерге.

Нострадамус түс жоруы бойынша – қан

  • Түсіңізде өзіңіздің денеңізде қан көрсеңіз- жақын арада туыстарыңыздан хабар аласыз.
  • Түсіңізде қансырап жатсаңыз, уақытша жалғыздық пен өкпеге кезігесіз.
  • Біреудің қанын төксеңіз – өте маңызды сұрақта салғырттық танытасыз. Жауапкершілікті өз қолыңызға алыңыз.
  • Жақын адамыңыздың қансырауы – сіздің эгоизміңіздің кесірінен жақын адаммен байланысыңыз бұзылады.
  • Қанға толған жерді көру – ауыр сынақтар, ұрыстар жəне өлімге.

түсінде қан түс жору

Ванга түс жоруы бойынша – қан

  • Түстегі қан туыстық қатынастарды, өшпенділікті жəне ұрысты меңзейді.
  • Түсіңізде жарақаттан кеткен қанды тоқтатуға тырыссаңыз – өмірден қайтқан жақын адамыңызға деген сағынышыңыз.
  • Киіміңіздегі қан – жақын адамыңыздың ісі сіздің абыройыңызды күмəнға қояды.
  • Түсіңізде қорғану үшін жауыңызды ұрып, ал оның жарақатынан қан ақса, бұл түс жақын адамдардың арасындағы ұрысқа араласуыңыз сізге үлкен салдар əкелетіндігін көрсетеді.
  • Өзеннен салқын су ішіп рахаттанып жатып , көз алдыңызда су қанға айналса, одан сіздің қолыңыз, бетіңіз жəне киіміңіз былғанса – бұл түс сізге берілген ескерту. Сіздің тұқымыңызда дуа бар. Ол сіздің де, туыстарыңыздың да өмірін құртады. Одан құтылудың жалғыз амалы – жаратқаннан ата-бабаларыңыз жіберген қателік үшін кешірім сұрау.