Түс жору: Тіс түсінде не мәнді білдіреді? Тіс түссе. • Түс Жору
Түсінде тіс түссуі мүмкін. Оның қандай мағынасы бар?
Нострадамус түс жору. Түсінде тіс түссе
- Тіс – өмірлік қуатты жоғалту, уайым.
- Түсіңізде сіздің тісіңізді біреудің жұлғанын көрсеңіз, өмірде жақын адамдардың біреуін жоғалтып алудан қорқасыз.
- Түсіңізде тістеріңіз түсіп қалса, əрекетсіздік пен дел-салдылығыңыз мақсатыңыздың орындалуына кедергі келтіреді.
- Шіріген жəне қираған тістерді көру – денсаулығыңыз нашар.
- Тіс орнына кетік көрсеңіз, қуатыңыз азайып, қарттық тез келеді.
- Ауырған тіс – жеке өміріңіздегі қиындықтарды шешу керек.
Миллер түс жорығышы бойынша – Түсінде тіс түссе
- Тістерді көрген қарапайым тіс індетпен ауырып, сізді алаңдататын тынымсыз адамдармен жолығатыныңыз туралы хабарлайды.
- Тісіңізден айырылсаңыз, қапалы жаңалық естисіз.
- Түсіңізде тісіңізді дəрігер жұлса, сізді ұзақ ауыр ауру күтіп тұр.
- Егер, түсіңізде адам физиологиясына тəн қалыпты тістер санын(28-32) көрсеңіз, көптеген қиындықтардан кейін жоғалтқан қазынаңыз өзіңізге қайта оралады.
- Тісіңізді шайсаңыз немесе ыссаңыз, өз бақытыңызды сақтап қалу сізден көп күшті талап ететін болады.
- Жалған тістердің түске кіруі басыңызға түсетін қиындықтар мен өтілетін сындар туралы сыр шертеді.
- Тісіңізді жоғалтсаңыз – сіздің еңбегіңіз бен намысыңызды күйрететін ауыр жүк алдыңыздан шығады.
- Түсіңізде тісіңізді біреу ұрып түсірсе, өз шаруаларыңызға мұқият қараңыз, жау тасада жатпайды.
- Тісіңіз сынса немесе бұзылса, денсаулығыңыз, я жұмысыңыз шектен тыс ауыртпашылықтан зардап шегеді.
- Тісіңізді түкіріп тастағаныңыз, сізге немесе жақындарыңызға ауыру қаупі төніп тұрғанын хабарлайды.
- Кемшіліктері бар тістерді түсте көру – ең қауіпті белгі. Ол адам басына түсетін көптеген қиындықтарды көрсетеді: бұған кедейлік те, жеке жоспарлардың күйреуі де, тіпті сау адамның науқастануы да жатады.
- Түсіңізде бір тісіңіз түсіп қалса – өкінішті хабарға, екі тіс – өзінің жинақты болмағандығынан алдынан шығатын сəтсіздіктер тізбегіне, ал үш тістің түсуі – өте күрделі қиындықтарға. Барлық тісіңіз түсіп қалса, алдағы үлкен бақытсыздыққа.
- Түсіңізде тісіңіздің құртылғанын және оны жұлып алғаныңызды көрсеңіз, аштық пен өлім дəл сізді күтіп тұрғаны.
- Тісіңіздегі дақ кетіп, тістеріңіз ағаратын болса, сіз көріп жатқан кедергілер – уақытша. Бұның бəрі аяқталғаннан кейін сіз ойыңызды өзгертіп, жауаптылығыңызға риза боласыз.
- Өзіңіздің кіршіксіз таза тістеріңізге қызығатын болсаңыз, жаныңызға жақын достарыңыз жаныңыздан табылып, армандарыңыз орындалып, шынайы бақытты сезінесіз.
- Ұйқыңызда тістеріңіздің бірін жұлып, тісіңізден айырылатын болсаңыз, кейін ауыз қуысыңыздағы кетікті тілмен іздеп, ал орны ғажайып түрде табылмаса, бұл түс сіздің жақын арада аса қатты көргіңіз келмейтін адаммен кездесетініңізді білдіреді. Дегенмен, бұл кездесу қайткен күнде де болып, болашақта сіз қоршаған адамдардың өсегіне қармастан ол адаммен кездесіп, кездесулерден ләззат алатын боласыз.
- Егер де түсіңізде стоматолог тісіңізді ағартып берсе, ал келесі күні олар қайта сарғайса, шынайы өмірде сіз өз құқығыңызды қорғауды белгілі бір адамдарға тапсыратыныңызды, ал олар аз ғана уақытта алаяқтың құрбанына айналатын болады.