Түс жору: Пышақ түсінде көрсеңіз. Қылыш неге түске кіреді • Түс Жору
Фрейд түс жоруы бойынша – пышақ немесе қылыш
- Үстел үстінде жатқан пышақты көрсеңіз, бұл түс сіздің жаңа адамдармен танысудан қорқатыныңызды білдіреді.
- Түсіңізде таныстарыңыздың бірі əлденені бауыздау үшін қолына пышақ алғанын көрсеңіз, сіз шынайы өмірде пышақтың бізіндей өткір, рұқсат етілмеген қауіпті іспен айналысып жүрсіз жəне қандай да бір себеппен оны ешкім байқамайды деп санайсыз.
- Əдемі қылыш немесе пышақты көру – күтпеген адамнан сыйлық аласыз. Бірақ, бұл сыйлықтың астында күмəнді сыр бар, оны қауіпсіз деп санамаңыз.
Миллер түс жоруы бойынша – пышақ немесе қылыш
- Түсіңізде пышақты көру – жаман ырым, ол артынан ұрыс, дағдарыс жəне ажырауды əкеледі.
- Сарғайған пышақты көру – отбасылық өмірге көңілдің тоймауы мен нақсүйеріңізбен айырылысуды білдіреді.
- Өткір жəне қайрылған қылыш алдағы уайымды, сынған пышақ барлық үміттің күйреуін көрсетеді.
- Пышақтан жарақаттансаңыз, отбасылық келеңсіздіктер мен жауларыңыздың құрған тұзағын хабарлайды. Ал басы бос адамдар үшін бұл түс абыройсыздық туралы белгі береді.
- Түсіңізде сіз пышақпен өзге біреуге атылсаңыз, шынайы өмірде өте нашар, төмен əркетке барасыз. Бойыңызда əділдік сезімін дамыту үшін көп күш жұмсауыңыз қажет.
Ванга түс жоруы бойынша – қылыш немесе пышақ
- Пышақтың түске кіруі – сатқындық пен бақталастық туралы хабарлайды.
- Түсіңізде отбасы адамдарына түскі ас дайындаймын деп, қолыңызды пышақпен тіліп алсаңыз, шынайы өмірде үй іші сіздің мінезіңізді құрықтаймыз деп, ұрыс пен жанжалды тудырып алады.
- Қолыңыздан түсіңізде қылышыңыз құлап қалса , үйіңізге бейтаныс жігіт аптығып келе жатқаны.
- Түсіңізде арқаңызға əлдекімнің қылыш сұққанын көру – ескерту. Қастарыңыз тасадан тас атпақшы. Сақ болыңыз!
- Таныс емес жігіт пышақпен сізді жарақаттамақ болса, жеке өміріңізде өзгерістер орын алмақ.
- Түсіңізде сіз біреуді пышақпен жарақаттап, ол құрбандық қанына көмігетін болса, өмірде арғы аталарыңыздың дүниеқоңыздығы мен арам пиғылдылардың кесірінен көп зардап шегесіз.
- Пышақтар жинағын сыйлыққа алатын болсаңыз, сізді шынайы өмірде аямай алдайтын болады.