Түс жору: Өрмекші неге түске кіреді • Түс Жору

0

Фрейд түс жоруы бойынша – өрмекші

  • Өрмекшіні түсінде көрген əйелді шынайы өмірде серігі оны тастайды деген қорқыныш билейді. Ол өз күші мен қабілетін тиісінше бағаламайды, бұл бойында қорқыныштың пайда болуына себеп болады.

Миллер түс жоруы бойынша – өрмекші

  • Түсіңізде өрмекшіні көру – жұмыста белсенді және мұқият екеніңізді білдіреді және қайтарымы ретінде сәттілік серігіңізге айналады.
  • Өрмегін құрып жатқан өрмекшіні түсіңізде көру – өз үйіңізде тыныш жəне бақытты боласыз.
  • Өрмекшіні өлтіру- əйеліңізбен немесе ғашығыңызбен жанжалдасасыз.
  • Өрмекші шағып алса – сатқындықтан жапа шегесіз, ал жұмысыңыз қаскүнемдеріңіздің кесірінен зардап шегетін болады.
  • Өз өрмегінде ілініп тұрған өрмекші тобының арасында қалсаңыз – керемет оңтайлы жағдайлар басыңызға қонады: мықты денсаулық, байлық, достардың көмегі.
  • Үлкен өрсекшісі бар өрмекке жолығу – қауіпті байланыстарға қарамастан, өмірде жетістікке тез жетесіз.

өрмекші түс жору

  • Өте үлкен және кішкентай өрмекші қатар көрінсе, істеріңіз сәтті жүреді, əлі талай рет бағыңызға қуанатын боласыз.
  • Үлкен өрмекші сізді түсіңізде шағып алатын болса, жауларыңыз бағыңызды қағып кетеді.
  • Ал кішкентай өрмекшінің шаққаны – сізді кішігірім қызғаныш мазалайды.
  • Егер, үлкен өрмекшіден қашсаңыз – сәттілік сізді масқара қылатын жағдайларда кетеді. Ол өрмекшіні өлтірсеңіз, бәлкім беделді лауазымға ие боласыз. Алайда, ол тіріліп, артыңызға түссе, сізді ауру мен сəттіліктің құбылмалылығы қынжылтады.
  • Түсінде алтын өрмекшіні көрген қыз жақын арада бақытқа кенеледі.