Түс жору: Ит немесе күшік неге түске кіреді? • Түс Жору
Түсінде ит немесе күшік көрсеңіз ол нені білдіреді
Ванга түс жоруы бойынша – ит
- Түсіңізде иесіз итті көру – нашар белгі. Бұл түс досыңыздың қазіргі уақытта қиын жағдайда екенін хабарлайды. Сізді өз қиындықтарымен уайымдатқысы келмей, сыр ашпай жүр.
- Аппақ итті түсіңізде көрсеңіз, шынайы өмірде жақын досыңыздың көмегіне арқа сүйеуіңізге болады. Кейде бұл түс көп уақыт бойы көрмеген ескі досыңызбен көрісетініңізді меңзейді.
- Ал, қара ит, керісінше, ұзақ уақыт бойы дос деп санаған адамыңыз шын өмірде сізді сатып кететінін жеткізгісі келеді. Бұл досыңыз сізден сырт айналып қана қоймай, сізді қаралау үшін барлық əдіс-айласын іске қосады.
- Алып итті көрсеңіз, жақын арада танысатын адамыңыз болашақта жақсы досыңызға айналады. Кейде бұл түс ескі достың қамқорлығы мен қолдауын да білдіреді.
- Түсінде итті тамақтандырған адамға шынайы өмірде сенуге болады. Егер, итті сіз тамақтандырған болсаңыз, сіз де сенімді адам болғаныңыз. Бұл адамдар өз алдына жеке тұлға, сондықтан оларды қалғандары құрметтейді жəне жақсы көреді.
- Ұйқыда өлтірілген немесе жарақаттанған ит те жақсы белгі емес. Жақын арада сіз жақсы досыңыздың айықпас науқасқа шалдыққанын немесе қайтыс болғанын естисіз.
- Түсіңізде сізді ит қорғаса, шын өмірде тылсым күштердің қол астындасыз. Сіздің əр қимылыңызды періштелеріңіз бақылау үстінде, сондықтан да қорқатын себеп жоқ.
- Ал, түсіңізде ит сізге атылатын болса, жақында алдыңыздан қиындықтар шығады.
Фрейд түс жоруы бойынша- күшік:
- Түсінде кішкентай күшікпен ойнау – жақын адам ерекше сыйлық сыйлайды. Ол міндетті түрде күшік емес, басқа да сыйлық сыйлауы мүмкін.
- Базарда күшік таңдау – сіздің бар жан-тəнізбен сенетін адамыңыз сізге адал емес, тіпті артыңыздан өсек таратып жүр.
- Түсіңізде далада иесіз күшік тауып алсаңыз, шынайы өмірде сіз барлық жағынан алып қарағанда көмекке мұқтаж адамға көмек қолын созатын боласыз. Бастысы – жауакершіліктен қорықпай, уақытылы көмек көрсету.
- Өзін кішкентай күшік ретінде көру – қиындықтан шаршау. Аз уақыт жалғыздықта өздігімен қалып, өз сезімдері мен ойларын ақтарып қана бұл проблеманы шешуге болады.