Түс жору: Бейіт басы неге түске кіреді? Зират тусінде болса. • Түс Жору

0

Түсіңізде зират немесе бейіт басы болса

  • Түсіңізде қыс мезгілінде зират басында немесе шіркеудің маңында жүрсеңіз, сізді алда жоқшылыққа қарсы үлкен күрес күтіп тұр. Үйіңізден жырақ, достарыңыздан алшақ болуыңыз да мүмкін. Түсіңізде көктемнің қандай да бір белгілерін байқасаңыз, достарыңыздың ортасында мамыражай өмірге ие боласыз.
  • Ғашықтар үшін өздерін бейіт басында немесе мешіттің маңында көру бірге отбасы құрмайтынын, бірақ бірін бірі өзге адамдармен үйлі болатынын көретінін білдіреді.
  • Күтілген, əдемі бейіт басында өзіңді көру – өмірінен үміт үзіп қойған адамның жазылуы туралы хабардың аяқ асты келетіні туралы хабарлайды. Сізден тартылып алынған жерге құқығыңыз бар екендігі дəлелденеді.

түс жору зират бейіт басы

  • Керісінше, күтілмеген зиратты көру – жақсы көретін адамдарыңыздың бəрінен айырылып, бөтен адамдардың қолына қарап қалатын күнге жететініңізді білдіреді.
  • Жастар үшін түсінде үнсіз өлілер саябағында жүргенін көру – достарының арасындағы кірпияз, адал қарым-қатынасты көрсетеді. Бірақ, алдыда достары көмектесе алмайтын сынақтардың барын байқауға болады.
  • Той шеруі бейіт басын жағалап өткенін түсінде көрген қалыңдық күйеуінен абайсыз жағдайдың салдарынан айырылады.
  • Ана үшін бейіт басына балғын гүл əкелу – отбасысының денсаулығы ұзақ, əрі мықты болатынын көрсетеді.
  • Түсінде бейітті көрген егде жастағы адамдар өздері де жақын арада мәңгілік өмірге сапар шегеді.
  • Жас жесір үшін түсінде бейіт басында болғанын көру – қаралы киімдерін жақын арада неке көйлегіне ауыстыратынын хабарлайды.
  • Өзін түсінде қайғылы көрсе, жаңа қиындықтарға ие болады.
  • Көп зират арасында гүл теріп, көбелек аулаған балаларды көру – жақсылыққа. Бұл түсті көрген адам ұзақ өмір сүріп, достарының қолдауына ие болады.

Сіздің түсіңізге лайықты түс жоруы: Жерлеу