Түс жору: Ат. Жылқы неге түске кіреді? • Түс Жору
Түсінде ат немесе жылқы көрсеңіз ол нені білдіреді?
Ат немесе жылқы түс жору
- Түсінде ақбозатты атқа отыру- жақсы белгі. Бірінші кезекте бұл түс сізге достық қарым-қатынастардың беріктігін жəне ойы бір таныстарыңызбен кездесудің көп қуаныш əкелетінінжеткізбекші.
- Егер де, жылқы малы лас, кір болатын болса, өзіңіз сенетін адамдардың сатқындығына қаласыз.
- Баран жылқыда шапсаңыз, ұзақ уақыт бойы істеріңізде алға басып, бір мезетте олардың пайдасыздығына көз жеткізетін боласыз.
- Құлагерлердің шабысын көру – кенет нашар жаққа ауысатын оң жағдайлардың болатынын хабарлайды.
- Бұл түс үстіртін қызығушылықтарды да алдын ала хабарлауы мүмкін.
- Дақтары бар жылқыларды көру – жұмыстан алда көретін пайдаларға.
- Торы айғырдың үстінде шабу – тілектеріңіздің қанағаттандырылуына жəне алға басуға. Бұл түсті көрген əйел мезісін қашырған жігіттің бетін қорықпай қайтара беруіне болады, ал өзін алдағы уақытта материалды табыс күтіп тұр.
- Жылқының қашып, жабайы үйірге қосылуын көру – сізді біреудің сырқаты туралы хабар күтіп тұр.
- Негізі, керемет аттарды көру – дəулет пен жетістікке
- Түсіңізде мөлдір бұлақты жылқының үстінде шалып өтсеңіз, сәттілік серігіңізге айналады. Бірақ, бұлақтың суы қара болса, бақытыңзға сыза түседі.
- Жылқының арқасында таза көлді жүзіп өту – армандардың орындалуы мен пайданың түсуіне.
- Жараланған немесе өлі жылқы – қайғылы жайттарға.
- Долы жылқының үстінде шабу – сəттілікке жетер алдында кезігетін қиындықтарға.
- Егер, жылқы сізді құлатататын немесе арқадан қатты тебетін болса, тағдыр сынақтарыңызды бақталастарыңыздың келбетінде жіберуі мүмкін немесе сіз науқасқа шалдығасыз .
- Атты жүгендеп, өз еркіңізге көндірсеңіз, өмірде оңтайлы өзгерістердің болатынына
- Түсіңізде жақсы тағаланған жылқыға сүйсінсеңіз, жақын арада қиялыңызға кірмеген жетістікке қол жеткізесіз.
Ат немесе жылқы түс жору
- Əйел адам үшін бұл түс өмір бойына адал досты кезіктіретінін білдіреді.
- Бəйгеге қатысу – дəулетті өмірдің хабаршысы.
- Өз атыңызды өзіңіздің тағаласаңыз – мүлікке күмәнді жолмен жетесіз.
- Үйретілмеген жылқының үстінде шабандоздай шапсаңыз, қиын шайқаста дəулет пен ыңғайлы жағдайға қол жеткізесіз. Бұл түс сенімді достардың көмегін де білдіруі ықтимал.
- Əйелдердің арасында ат үстінде шабу – болашақ тілектеріңізді түсінбеушілік пен тəуелділігіңізді білдіреді.
- Жылқыны өзіңіз, я біреудің тазалап жатқанын көру – өмірде лайықты орын тауып, құрметке жету үшін көп азап көретініңізді хабарлайды.
- Кәсіпкерлер, шаруалар жəне əдебиетшілер үшін жылқының жалы мен құйрығын өздері безендіріп жатқан түс оңтайлы болып саналады.
- Ат үстінде жіңішке жол арқылы биік тауға көтерілсеңіз – қоғамда өте мықты орынға ие боласыз.
- Егер де, атыңыз шыдамай , таудың шыңына шығу үшін қалған жолды жаяу өтсеңіз, сіздің қоғамдағы беделді орныңыз сізге үлкен күш-жігермен келетін болады.
- Арбаға жегілген жылқылар – бақытқа жетер жолдағы қиындықтар мен сынақтарға.
- Егер, қыз бала өзін қара аттың үстіндегі шабандоз ретінде көрсе, арманына жетуге кездейсоқ жағдайдың көмектесетінін, сонымен қатар дана адамдармен сөйлесетінін білдіреді.
- Дөңнің үстінен ат үстінде түсу – сəтсіздіктерге.
- Сүйіктісінің өзінің артынан аттың үстінде келе жатқанын көру қыз бала үшін ғашық жігіттердің көп болуын меңзейді