Түс жору: Алма неге түске кіреді? Түсінде алма болса • Түс Жору

0

Түс жору: Алма неге түске кіреді?

Ванга түс жору бойынша – алма

  • Алма – даналық пен жеңістің белгісі.
  • Түсіңізде бұтақтардан алма жұлсаңыз, айналада болып жатқан нəрселердің əсерінен табиғат құбылыстарының сырын білуге ұмтыласыз, адамдармен көп араласып, көп ойланатын боласыз.
  • Алманы жеу – сізден жасы үлкен адаммен танысқаннан кейін ақылыңыз ұлғаяды. Ол өзі білетін көп затты сізге үйретеді. Оған мейіріммен қараңыз, əйтпесе басыңыз бəлеге қалады.
  • Құрттаған алманы көрсеңіз, жалған ақпарат аласыз. Əрі қарайғы амалыңызды ойластырмасаңыз, ұтыласыз.
  • Алманы тілімдерге бөлсеңіз, алдамшы пікірде болып, артынан ауыр зардаптарға жолығасыз.

Ностарадамус түс жору бойынша – алма

  • Шіріген алманы түсіңізде көрсеңіз, қазір айналысып жатқан ісіңіз сəтсіз аяқталады.
  • Алма жеу – өміріңізге үлкен əсер ететін əдемі əйелді кезіктіресіз .

түсінде алма түс жору

Миллер түс жору бойынша – алма

  • Алманы түсінде көру – көп адам үшін жақсы.
  • Жасыл ағаштағы қызыл алманы көру – сол түсті көрген адам үшін ғана жағымды, оңтайлы.
  • Бүлінген алманы жейтін түс жамандыққа жорамалданады.
  • Ағаштағы піскен алма – армандарыңызды орындайтын уақыттың келгенін, əрі қарай не істейтініңізді ойланып, алға жылжитын кездің жеткенін білдіреді.
  • Ағаш басындағы піскен алма – армандарыңызда тым қиялдап кетудің қажетсіздігін меңзейді.
  • Жерде жатқан алма – арам достарыңыз мен жағымпаздар сізге залал келтіретінінің белгісі.
  • Шіріген алма – нәтижесіз еңбек.