Түс жору: Алма неге түске кіреді? Түсінде алма болса • Түс Жору
Түс жору: Алма неге түске кіреді?
Ванга түс жору бойынша – алма
- Алма – даналық пен жеңістің белгісі.
- Түсіңізде бұтақтардан алма жұлсаңыз, айналада болып жатқан нəрселердің əсерінен табиғат құбылыстарының сырын білуге ұмтыласыз, адамдармен көп араласып, көп ойланатын боласыз.
- Алманы жеу – сізден жасы үлкен адаммен танысқаннан кейін ақылыңыз ұлғаяды. Ол өзі білетін көп затты сізге үйретеді. Оған мейіріммен қараңыз, əйтпесе басыңыз бəлеге қалады.
- Құрттаған алманы көрсеңіз, жалған ақпарат аласыз. Əрі қарайғы амалыңызды ойластырмасаңыз, ұтыласыз.
- Алманы тілімдерге бөлсеңіз, алдамшы пікірде болып, артынан ауыр зардаптарға жолығасыз.
Ностарадамус түс жору бойынша – алма
- Шіріген алманы түсіңізде көрсеңіз, қазір айналысып жатқан ісіңіз сəтсіз аяқталады.
- Алма жеу – өміріңізге үлкен əсер ететін əдемі əйелді кезіктіресіз .
Миллер түс жору бойынша – алма
- Алманы түсінде көру – көп адам үшін жақсы.
- Жасыл ағаштағы қызыл алманы көру – сол түсті көрген адам үшін ғана жағымды, оңтайлы.
- Бүлінген алманы жейтін түс жамандыққа жорамалданады.
- Ағаштағы піскен алма – армандарыңызды орындайтын уақыттың келгенін, əрі қарай не істейтініңізді ойланып, алға жылжитын кездің жеткенін білдіреді.
- Ағаш басындағы піскен алма – армандарыңызда тым қиялдап кетудің қажетсіздігін меңзейді.
- Жерде жатқан алма – арам достарыңыз мен жағымпаздар сізге залал келтіретінінің белгісі.
- Шіріген алма – нәтижесіз еңбек.