Құттықтау — тілек: Қыз ұзату тойы

0

Құттықтау - тілек: Қыз ұзату тойы казакша Құттықтау - тілек: Қыз ұзату тойы на казахском языке

Қазақ қызын қашанда қадір тұтқан. Қасиетке балаған. Төрін ұсынған. Себебі, қыз — өріс. Қыз – кие. Қыз – ұлтының ұяты. Қыз – халқының шырайы. Қыз — өмірдің бастауы. Қыз – тіршіліктің тірегі.

Бұл қасиеттер қыз ғұмырдың пешенесіне әуел бастан-ақ бұлжымастай етіп жазылғандай. Ал сол ақ үрпек балапанын аялы алақанынан ұшырарда қай ата-ананың болмасын көңілі тоқып, жан тебіренісіне түсері хақ. Сосын өзегін жарып шыққан балапанына: «Құтты орныңа қонып, бағың ашылсын!» деп Жаратқаннан тілек тілеумен болады.


Міне, бүгін қызымыз ата-ана ұясынан ұшып, жүрегінің қалауымен өмірлік серігі ……(аты) қол ұстасып, қызығы мен қиындығы қатар үлкен өмір жолына аттанды. Сөйтіп ата-анасының өрісін кеңейтті.

Отбасын құру – үлкен абыройлы іс. Абыройлы іске биік рух керек. Барған жеріңде бағың ашылсын, шаңырағың биік, босағаң берік болғай! Екеуің қазақтың үлгі тұтар отбасына айналыңдар!


Шаңырақтың шырағысың шаттығы,
Текті жердің тұяғысың ақ гүлі.
Мың жыл құда болуға да атты күн,
Екі жасқа құдай берсін бақ бүгін.
Әке-шешең арнап отыр жыр ағын,
Кәусар таза мөлдіреген бұлағым,
Барған жерге судай сіңіп, ұнағын,
Бақытты бол, бақытты бол, шырағым.


Көкірегі сырға толы күй-дастан,
Алатаудай арманы бар жүздеген,
Өзі өскен ортасына сыймастан
Түзден бақыт іздейді екен қыз деген.

Тағдыры оның суық қарап, сыздана,
Шешімі ауыр сын артқанмен санаға.
Көктемдегі қарлығаш қой қыз бала,
Айналатын шуақ шашқан Анаға!


Айжанымыз ақ босағасынан ұзатылып, Мағжан есімді өзінің өмірлік серігін тапты. Жас жұбайларға қашанда жандарыңа жақсылық серік болсын, өмір өткелінен қол ұстасып бірге өтіңдер деп тілек білдіреміз.


Қонақтан кетпей төрлерің,
Ісіңнің таппай ел кемін.
Тамсан мақтап көп адам
Баса алмай жүрсін шөлдерің.

Қалаулы бол халыққа,
Еңбектен еш жалықпа.
Қосылған сүйіп жарыңмен
Аққудай мәңгі қалықта.


Адамның бір қызығы бала деген,
Баласыз көңіл шіркін толар ма екен.
Дүбірлі той жасамай баласына,
Қазақтың жағасы жайлауына қонар ма екен.

Құтты болсын шалқар тойың,
Тарқамасын үйіңнен қызық-ойын.
Бақытына кенеліп екі жастың,
Тола берсін ырысқа қоныш-қойның.

Ақ тілегің ақтарылған бүгін дәйім,
Қабыл болсын ниеттер ылғидайын.
Түгенделген ұлыңның үш жұртының,
Ынтымағы жарассын барған сайын.

Кенелген көкірегіме тілегімді,
Білесің ақ көңіліммен тілерімді.
Ұрпағың ұрпағыңа ұлассын деп,
Ұсындым ақ тілеулі жүрегімді!!!


Еліңе елеулі бол,
Халқыңа қалаулы бол.
Ата-енеңе жағымды бол,
Қайынаға, қайындарға қайырымды бол.
Ауылыңа айбарлы бол,
Күйеуіңе жайдарлы бол.


Ердің бағы — жарынан. Жақсы әйел ерінің есіктегі басын төрге сүйрейді, жаман әйел ерінің төрдегі басын көрге сүйрейді. Еріңді үй азаматы емес, ел азаматы қылу сенің зайыптылық парызың. Сондықтан, бұдан былай үйдегі еркелікті тастап, қыз көңілден қайтқайсың, зайыптылық өмірге байыппен аяқ басқайсың.

Алтынымыз мақтанар,
Тілеуші едік басыңа
Болсыншы деп бақ қонар.
Сол сәт бүгін келіп тұр
Ақ тілекті ақталар.
Көлге біткен құрағым,
Өрге біткен шырағым.
Анаң сенің шаттанар,
Табылды деп сыңарың.
Әкең сенің мақтанар
Маздады деп шырағым.


Оң аяқпен аттандың,
Гүл бітсін қонған қияңа
Келіп жүр сүйген жарыңмен
Өзің ұшқан ұяңа!


Өмірдің өрлеп шықсын белесіне,
Мұхитқа жетсін жүзіп кемесі де,
Бір үйдің әлпештеген еркесі екен,
Ата менен сыйлы болсын енесіне.

Үлкенді қадірлеуден жалықпасын
Жарқылда жарыңның да тауып бабын.
Қадірлеп айналайын бір-біріңді,
Қырандай қия шыңға шарықтағын.

Тағдыр қосып табылыпты қосағың
Әлі ақталар жабдығыңмен жасауың.
Шаттықталар шаңыраққа айналсын
Керегесін кеңге жайып отауың.

Құтты болсын ақ қадамың
Келін болу жолы ғой қыз баланың
Барған жерде жақсы келін атанып
Қуанышын сыйласын әрбір қадамың.


Бекзаттарым-ай,
Жекжаттарым-ай,
Жекжат болып аулыма кеп жатқаның-ай!
«Бала бақытын қыздан іздейді,
Қыз бақытын түзден іздейді» жеген екен дана бабаларымыз. Біздің қызымыз бақытын сіздің шаңырақтан іздеп келді. Үлпілдеген үкіміз бізден — өтті, сіздерге – жетті. «Жібекті түте алмаған жүн етеді» дейді. Жүн етсеңіз де, гүл етсеңіз де ендігі жауапкершілік – Сіздерде, құдалар!


Міне, бүгін қызымыз ата-ана ұясынан ұшып, жүрегінің қалауымен өмірлік серігі ……(аты) қол ұстасып, қызығы мен қиындығы қатар үлкен өмір жолына аттанды. Сөйтіп ата-анасының өрісін кеңейтті.
Отбасын құру – үлкен абыройлы іс. Абыройлы іске биік рух керек. Барған жеріңде бағың ашылсын, шаңырағың биік, босағаң берік болғай! Екеуің қазақтың үлгі тұтар отбасына айналыңдар!


«Жолаушы мұраты — жету, қыз мұраты – кету» екенін ұғынғанымызбен, бауыр етінен жұлып алғандай етіп қызын өзге жұртқа аттандыру кімге болса да оңай емес екен. Дегенмен, теңін тауып, көңіл жарастырып, біздің, яғни ата-анасының, туған-туыстарының ризашылығымен кетіп бара жатқаны көңілге қуаныш ұялатады.

Қолымыздан ұшып бара жатқан қызымыздың қонған жері құтты болсын! Барған еліне тастай батып, судай сіңсін, көп балалы ана болып өркенін жайсын!

Құдай қосқан жарына бақ болып қонсын, қосағымен қоса ағарсын!

Құда-жекжаттарымызға айтарым, бір-бірімізге деген жылы ықыласымыз суымай,сыйластығымыз жоғалмай екі жастың қызығына кенелейік. Той сіздерге де құтты болсын! Екі жас бақытты, өмірлері ұзақ болсын!


Жаныңда жан — жарың, айналаңда етжақын туған — туыс, дос — жаран, бауырларың, артыңда қылықты қыз бен айбатты ұл, алдыңда жарқыраған күн тұрсын. Осылайша, төрт құбылаң түгел боп, еліңе сыйлы келін, салиқалы ене боп, ел анасына айналғайсың. Қосағыңмен қоса ағар. Үбірлі — шүбірлі боп, өркенің жайылсын!


Еріңнің қияға ұшуға қамданған қанатына қарқын беріп, көкжиекті қамтыған ой — өрісіне серпін беріп, көктегі ісін ептейтін, қатесі болса екшейтін, тарылған жолын кең қылып, кетігі болса септейтін сұңғыла жары болғайсың. Пейіліңді кең ұста, иманың мен ақылдың екеуін де тең ұста. Үйіңнің берекесі, еліңнің мерекесі бол.


Жаман келіншектің екі пышағы болады екен: біреуі қолында, біреуі – тілінде. Қолындағысымен нанын турайды, тіліндегісімен жаныңды турайды. Ал, жақсы келіншектің үш белгісі бар: жүзінде күлкі бар, қолында қонақ келгенде нан жаятын оқтауы бар, күйеуіне ашуы келгенде тілінде тоқтауы бар. Тіліне еге болады деген сөз ғой. Сондықтан тілек — екі пышағы бар емес, үш белгісі бар жақсы келіншек бол, айналайын!


Қызымыздың қонған жері құтты болсын! Денсаулығы мықты болсын! Жүрегі оның түкті болсын, сауған малы сүтті болсын! Өзге елде қадірі арта берсін! Енесі мен анасын бірдей көрсін, көпбалалы ана болып, гүлдей берсін!


Жас отау бүрін жарды жаңа гүлдеп,
Пенденің жетсем деген талабы көп.
Қадамың құтты болсын, құда — жекжат,
Отырмын мен де,
Сен де балалы боп.

Үмітпен ұл да өсірдік,
Қыз да өсірдік,
Дейтіндей құдалықтың міндетін ұқ.
Келінді өз қызымнан кем көрмеспін,
Жайласын жас отаудың іргесін құт.

Құданы мың жылдық деп айтпас бекер,
Қуаныш ортақ сізге,
Көңіл көтер!
Құдалар бір — бірімен тату болса,
Екі жас мұратына сонда жетер.

Болғанмен ұл менікі,
Қыз сенікі,
Екеуін тең көреді білген кісі.
Жатырмыз төсті төске түйістіріп,
Сыйластық –
Құдалықтың бір белгісі.


Бала — ортақ,
Жатсын, құда құрметтеп,
Құдалық — сын,
Ол да өзінше бір мектеп.
Қарсы аламын төбеге тік көтеріп,
Құда — жекжат жатса егерде іздеп кеп.

Екі бала бәрімізді сыйлы етсін,
Күйеу демен,
өз ұлым деп жүрмекпін.
Қызыңдай көр,
Құдаға айтар қолма қол,
Ал, құдағи білмей жатса үйреткін.

Құлаққағыс,
Айттым — құда назын жай,
Күй кернесін Құрманғазы сазындай.
Екі бала ортақ бізге, сондықтан,
Мың жылдыққа
Жүрсін құшақ жазылмай!