Қазақша Құттықтау — тілек: Үйлену той (Құрбы — Құрдас)
Бойдақтық қалды қынжылма,
Тағдырың теліп бір қызға.
Құрметпен қара, жан досым,
Қолыңа қонған жұлдызға.
Күн өтті шалқып желпінген,
Бұғауға түстің еркіңмен.
«Сүйемін!» дедің жарыңа,
Таймағын сол бір сертіңнен.
Азамат дейді сені жұрт,
Басыңнан кештің серілік,
Әке де әлі боласың,
Жарыңды сүйгін беріліп.
Ұлдарын болсын тұлымды,
Қыздарын болсын бұрымды.
Қосағыңмен қосыла айт,
Махаббат атты жырыңды.