Қазақша Құттықтау — тілек: Қыз ұзату (Әпке, Қарындас) | кыз узату тойына тилек , кыз узату тойга тилектер,Қазақша Құттықтау — тілек: Қыз ұзату (Әпке Қарындас), Қазақша Құттықтау

0

Қазақша Құттықтау - тілек: Қыз ұзату (Әпке, Қарындас) казакша Қазақша Құттықтау - тілек: Қыз ұзату (Әпке, Қарындас) на казахском языке

Ғұмырыңыздың жарқын шақтары мен бақытты сәттері мол болғай. Өмір Сізді тек жақсылықтар мен қуаныштарға жетелесін. Ибалы келін атанып, сол ауылдың алтын босағасында аман-есен жүре беріңіз.


Болашақтың ақ таңдарын бақытпен қарсы алып, барлық ізгі армандарың орындала берсін. Өмір жолында серіктерің сәттілік, жолдастарың жақсылық болсын.


«Бақыт деген досыңның – қабағында, жарыңның –жанарыңда» дейді. Осындай өмірлік дос болып өтіңіздер.


Жүздеріңізден шаттық пен күлкі үйіріліп, көл бетіне өрнек салған аққудай бақыт бесігінде қуанышты серік етіп, тербеле беріңіздер!


Қуанамын неге бүгін соншалық
Шаттанғаннан келіп жетті бір шабыт
Қиясына ұшқалы отыр тәтеміз
Көңілде бір қимастық бар қайтеміз

Қадамыңыз бүгінгі құтты болсын
Қыдыр дарып отауға бақыт қонсын
Көтерген жездемізбен шаңырақтың
Ішіне қуаныш пен күлкі толсын

Ұлдарды нәсіп етсін ақылды ұдай
Қыздарды нәсіп етсін күн мен айдай
Отаудың берік қылып босағасын
Біздерге болыңыздар жаққан шамдай

Көктемнің күлімдеген күніндейсіз
Дүниенің ең шырайлы гүліндейсіз
Папасы мен мамасының асыл қызы
Әрқашан жездемізбен бір жүргейсіз!

Өмірде ең бақытты жан болыңыз!
Мәнді де даңғыл болсын бұл жолыңыз!
Мәңгілік бір-біріңе ғашық болып
Көңілі туыстардың жүрсін толып!