Қазақша Құттықтау — тілек: Туған күн (Құда — Мерейтой 60 Жас)
Адам — өз өмірінің сәулетшісі. Даралар да, қаралар да, даналар да қонақ болып өтетін мына дүниеде әркім өз өмір соқпағын өзі сомдайды. Оның мәнді де, сәнді, мағыналы да, мазмұнды болуы сол өмір иесінің қарымы мен қасиетіне байланысты. Құдіретті табиғат адами қасиеттерін мол дарытқан Қадырәлі құдамыздың ғұмырнамасының айшықты ғибраты соның айқын белгісі.
Алысқа да, ағайынға да жібек мінез, ықыласты мейіріммен танылған Қазима құдағи құдай қосқан қосағының ел арасында құрметінің асып, қиын да қызықты еңбек жолының жемісті болуы үшін жүрек жылуын арнап келеді.
Қадірлі құдамыздың мерейлі мүшел жасы құтты болып, бақ-дәулеті арта берсін!
Құтты болсын 60 деген жасыңыз,
Қуаныштың кемерінен тасыңыз.
Әрқашанда мықты болып денсаулық,
Қажымастан жүзден әрмен асыңыз.