Қазақша құттықтау — тілек: Күміс той

0

Қазақша құттықтау - тілек: Күміс той казакша Қазақша құттықтау - тілек: Күміс той на казахском языке

Күміс тойға аман-есен жету үшін ер төзімді темір, зайып мінезі алтын болу шарт екен. Бұл екеуінің бойына да осы екі мінез ұялаған. Дәл осындай қарқынмен, тамаша қасиеттеріңді сарқып алмай, алтын тойларыңа жетулеріңе тілектеспіз!


Құтты болсын күміс той
Той дегенің ырыс қой.
Алтын жамбы берсем де
Екеуіңе дұрыс қой.

Күміс тойдың аяғы
Алтын тойға жалғассын,
Жарқырасын жандарың
Жүзіндей ақ алмастың.

Таси берсін дәулетің,
Жарасып сән-сәулетің.
Сыйлы болып бастарың,
Жүзге жетсін жастарың.


25 жыл отастыңыз бақытты,
Уайымдарға енді орын жоқ болсын.
Сыбағасын алып өмір жақұтты,
Немерелер, шөберелер көп болсын!
Арманыңыз алдамастан жетіңіз,
Қол ұстасып әр күндерге шат болып.
Қиындықты бірге жеңіп өттіңіз,
Келсін енді күндеріңіз бақ болып.


Аттандыңдар қол ұстасып өмірге,
Ауырлықты айналдырып жеңілге.
25 жыл отасыпсың бақытты,
Махаббатты біріктіріп сенімге.


Балалардың ата-анасы сүйікті,
Сіздерден тек өнегені түйіпті.
25 жыл отау құрып бақытты,
Бұл кісілер жақсы істі жиыпты.
Дәл осындай жандармен мақтанайық,
Махаббатты маздатып шаттанайық.
Ұл-қыздарын өсіріп өркен жайған,
Ұлы істері бір биік таққа лайық.


Бақыт нұры сіздерден бастау алған,
Қыз өсіріп құдадан шашбау алған.
Бүгінгі тойларыңыз құтты болсын,
Жарыңыз жетсін 100-ге жастау алған.


Күміс той деп жиналуда ағайын,
Жеңіпсіңдер тағдырдың көп талайын.
Көрген бейнет зейнет болсын ендігі,
Бақыт тілеп сыйлығымды тағайын.


25 жыл отасу бұйырмаған әркімге,
Келмек емес кездейсоқ күлім қағып әр күн де.
Думанды сәт, қуаныш, көптен күткен ұлы той,
Бақыт келіп дәм татсын шаңырақтан әр түнде.


Ұл-қызыңның қамдап әрбір астарын,
25 жыл өтіп кетті қас-қағым.
Қол ұстасып 100 жасқа да жетіңдер,
Бақыт қонып, аман болсын бастарың.


Бір-біріңе тіреу бола білдіңдер,
Бірің күлсең бірің қоса күлдіңдер.
Қиындықты бір көтеріп жұмыла,
Бір-біріңе демеу бола жүрдіңдер.
Алдағы өмір тек бақытын сыйласын,
Ұл-қыздарың шаттық гүлін сыйласын.
Өнегелі ата-әже боп, үйлерің
Немере мен шөбереге сыймасын.


Күміс тойың құтты болсын бүгінгі,
Сыйлайынщы сізге арнап гүлімді.
Мәңгі бірге айрылмастан жүріңіз,
Ұрпақтарға болыңыздар шын үлгі.


Дүрілдетіп өтіп жатыр күміс той,
Болады екен бұл қалайша тыныш той.
Билейікші, күлейңкші шаттанып,
Тілек тілеу шын ниеттен бір іс қой.


Ерік беріп есепсіз ақыл-ойға,
Сыйдырып сабырлықты тұла бойға.
Бәйтеректей алып бір өркен жайып,
Күміс тойдан жетіңіз Алтын тойға.


Күмбірлеуде бүгінгі домбыра үні,
Өйткені, күміс тойы ата-ананың.
Көркейіп көмкеруде көңіл гүлі,
Мәртебең аса берсін салтанатың.


Үміттеніп бақ болар деп атар таң,
Қалдырмастан ұл-қызыңды қатардан.
25 жыл отастыңдар «әй» демей,
Қол ұстасып келгендейсің сапардан.
Көрген бейнет ендігі тек бақ болсын,
Ұл-қыздарың сыйлап көңіл шат болсын.
Махаббаттың белгісіндей баянды,
Сенімдерің селкеу түспес ақ болсын.

Бірге шығып әр кез ақыл-ойларың,
Балалардың қызығына тоймадың.
Ортамызда күліп-ойнап жүре бер,
Әке-Ана, құтты болсын тойларың.


Балаларың тізілуде тілек тілеп,
Әке, Ана деп біздердің соғар жүрек.
Денсаулық, бақыт, шаттық толсын бәрі,
Ортамызда жүре бергін болып тірек.


25 жыл кетіпті зырғып өтіп,
Күндерді жылды жеңер бұрғы етіп.
Күміс той Алтын тоймен жалғас болсын,
Жүріңдер махаббатты шындық етіп.


Ұл-қызыңның саясы,
Құшағы кең аясы.
Ата-анаммен мақтанам,
Болғаныма баласы.
Тілеймін алтын тақұтты,
Әсем өмір жақұтты.
Құтты болсын күміс той,
Сыйласын әр күн бақытты.


Бір-бірінің көңілін таба білген,
Түсінген қабағынан дана түрмен.
Ата-ана, мені туған айналайын,
Тәрбиеңмен бойыма сана кірген.
Бала деп ас тасыған күндік жерден,
Қараңғыда қалмасын деп түндік түрген.
Аман жүр, ауырмашы, ата-ана,
Сіздер жүрген жерде тек шындық жүрген.

Бір-бірімен таба білген келісім,
Өмір-фильм таба білген желісін.
Күміс тойда шаттануда ата-ана,
Бірге күліп, бір кеңейткен өрісін.