Той залын безендіру
Той залын безендіруде жарық пен түстің ролі ерекше. Әсіресе, жарықтың мол болуы тойхана ішіне тазалық, көтеріңкі леп береді. Жарық аз болса, тойхана тар, қараңғы болып адамды басып тұратын болады. Ал түс залдың ішкі бояуларына контрасты түспен, дәлірек айтқанда, безендіру құралдарының түсімен айшықталады. Жалпы той залын сары, көк, көгілдір және қызыл, қызғылт түстер ашады.
Қосымша безендіру элементерін құрайтын ленталар мен шарлардың түс ойнату көмегі зор. Егер зал іші тұнжыраңқы түспен боялса оны сары, қызыл, көк шарлар мен ленталар арқылы едәуір жеңілдетуге болады. Ойластырып пайдаланғанда лента мен шар сияқты болмашы дүниелердің өзі той атмосферасына оңды қызмет етеді.
Естеріңізде болса осыдан бір бес-он жыл бұрыңғы той залдарын безендіріп көркін ашып тұратын төрде жас жұбайлардың аты жазылған кілем болатын. Қазіргі таңда отау құрған екі жастың аты банерге жазылып, той залының ең көрінетін жеріне ілінеді. Бұндай банерлерді жергілікті жерлеріңізде арнайы салондарға алдын ала тапсырыс беріп жазғызуыңызға болады. Банер біріншіден залда кімнің тойы етіп жатқанынан хабардар етеді, той залын безендіру жағынан әсемдік сыйлайды, сонымен қатар тойға келген қонақтар естелікке фотаға түсуге арналған өте ыңғайлы жер. Той залын безендіруге арнғалған кеңестерді бір мақаламен шектеу аздық етеді, сондықтан тағы басқа кеңестер алдағы мақаламыздың еншісінде. Ал той залын таңдау жөнінде алдыңғы мақалалырмызда жазған болатынбыз.