Huawei жасанды интеллект негізіндегі “солтүстік шұғыла симфониясын” ұсынады
Huawei компаниясы «Жарық симфониясы» халықаралық жобасының басталғанын хабарлайды. Нарыққа Huawei Mate20 флагмандық желісі шыққаннан кейін компания халықаралық шығармашылық топпен бірге мобильді жасанды интеллекттің мүмкіндігін көрсетуге бел байлады.
«Жарық симфониясы» («Sound of Light») – халықаралық жоба, мақсаты – визуалдау негізінде жасанды интеллектке дыбыс фрагменттерін үйрету. Суретшілер норвегиялық солтүстік шұғыланы кескіндеп, Huawei Mate20 Pro смартфонына орнатылған интеллектуал алгоритмді солтүстік шұғыланының ерекшеліктерін анықтап, оны музыкалық фрагменттерге айналдырып үйретуді көздейді. Бұл фрагменттер кейін симфония жазуға қолданылады және алғашқы нәтижелері де бар. Жасанды интеллект кескінді дыбысқа айналдырып, алғаш атақты Брамс залында әйгілі дирижер Джеймс Ширман жетекшілігімен ұсынылды.
«Жарық симфониясын» жазу үшін мықты есептеуіш құрылғы керек. Huawei Mate20 Pro смартфоны бұл жобаға лайық құрал болды. Оның көп функциясы жасанды интеллекттің жақсы жұмыс істеуі үшін және жобаның жүзеге асуына таптырмас олжа болды. Табиғи орындау кезінде конверттелген мәліметтер смартфоннан электронды аспаптарға жіберіліп отырды.
Композитор Марк Сайфритц: «Жасанды интеллекттің менің музыкама енуі біршама шығармашылық мүмкіндіктер береді. Енді мен жүйеге солтүстік шұғыла видеосын жүктеп, түс, көлем, форма және жылдамдықтың қалай өзгеріске ұшырайтынын көре аламын. Жүйе бұл деректер негізінде музыкалық фрагменттердің бірнеше нұсқасын жасайды. Мысалы жүйе жарық шоуының драмалық сәттерін таныса, ол осы сәттерді сипаттайтын дыбыстарды береді», — дейді.
«Жасанды интеллект – Huawei компаниясының басты бағыттарының бірі. Өзге инновациялық технологиялар сияқты ол шектеулерді жарып өтіп, бұрын қол жетпеген мүмкіндіктерге жола ашады. «Жарық симфониясы» жобасы бұл идеяны дәл бейнелейді», — дейді Орталық, Шығыс және Солтүстік Еуропадағы Huawei Consumer Business Group директоры Ван Янмин.
Дереккөз: https://massaget.kz/