Тәулік мезгілдерінің атаулары

0

Бір тәулікте 24 сағат бар. Десе де қазақта тәуліктің әр бөлігінің өз атаулары бар. 

Қазақша тәулік мезгілдерінің атаулары:

Таң —  күн шығар алдындағы мезгіл. Таңертеңгі мезгілде айналаның әлі жарықтанбай, сәл ғана бозғылт тартқан кезі алакеуім, алакөбе, алаң–ғұлаң, елең–алаң деп аталады. Ал құланиек, құлын сәрі дегеніміз — таң жаңа сыз беріп ата бастаған кез. Жерге жарық түсе бастаған кез — таң сәрі деп аталады.

Сәске — күн көкжиектен көтеріле бастаған мезгіл.

Түс — күннің орта мезгілі. 

Бесін — күн еңкейген мезгіл. 

Ақшам, ымырт — күн ұясына бата бастаған мезгіл.

Түн — тәуліктің кештен таңға дейінгі аралығындағы мезгіл.