Мырзағали Айтжановтың қазақ тілінде өмірбаяны бар ма?

0

Мырзағали Айтжанов – ҚР бокстан ұлттық құрама командасының бас бапкері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері,КСРО чемпионы, жастар арасындағы Еуропа чемпионы, ҚР еңбек сіңірген жатықтырушысы. Ол 1970 жылы 13 қыркүйекте ОҚО Сайрам ауданында дүниеге келген. Бапкерге 2008 жылы Шымкент қаласының құрметті тұрғыны атағы берілді.

Айтжанов бапкерлік қызметін 1996 жылдан бастаған. ол 200-2009 жылдар аралығында ОҚО-да аға жаттықтырушы болып жұмыс істеді. Ол бапкерлік еткен кезеңде ОҚО-ның құрамасы Қазақстан халықтарының Спартакиадасын екі мәрте жеңген. Сондай-ақ, екі реті Қазақстанның чемпионы атағына ие болған-ды.

Өз тәжрибесінде Мырзағали Айтжанов 8 халықаралық дәрежедегі спорт шеберін, 10 спорт шеберін дайындап шыққан.

Айтжанов 2009 жылы ҚР бокстан ұлттық құрама командасының бас бапкері болып тағайындалды.