Жүкембаев пен Сабыровтың жекпе-жегі

17 наурызда Монреальда (Канада) Montreal Casino кешенінде екі
қазақстандық - Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО) және Нұрзат
Сабыровтың (8-0, 7 КО) қатысуымен бокстан кеш өтеді, деп
хабарлайды Sports.kz.Жүкембаев мексикалық боксшы Хильберто Месомен (10-5-1, 6 КО)
бірінші жартылай орта салмақ дәрежесінде он раундтық жекпе-жек
өткізеді. Сабыровтың қарсыласы аргентиналық Сесар Эрнан Рейносо
(15-11-4, 7 КО). Бұл супер орта салмақта сегіз раундқа созылады.
«Хабар» телеарнасы екі жекпе-жекті де көрсетеді. Тікелей эфир
Астана уақытымен таңғы 07:10-да болады.
Дереккөз: prosports.kz/kz