Жүкембаев чемпиондық белбеу үшін Golden Boy Promotions атынан жұдырықтасуы мүмкін » Vesti.kz

0
Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Батыр Жүкембаев Golden Boy Promotions атынан чемпиондық жекпе-жекке шығуы мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне боксшыға жақын мәлімет көзі хабарлады. 

Оның сөзінше, Eye of Tiger Managment промоутерлік компаниясы Golden Boy Promotions-пен АҚШ-та Жүкембаевтың чемпиондық жекпе-жегін өткізу туралы келіссөз жүргізіп жатыр. 

Сонымен қатар, ол Жүкембаев келесі жекпе-жегін 26 қаңтар Квебекте өткізетінін хабарлады. Бұл жекпе-жекте ол бір клубта жаттығатын Матье Жерменмен (16-0, 8 КО) жұдырықтасуы мүмкін. Осыдан кейін Жүкембаев ТОП-15 тізіміндегі боксшымен жұдырықтаспақ.

«Ішінде ең танымалы Жүкембаев». Маман Канададағы қазақстандық боксшылар жайында 

Айта кетейік, Golden Boy Promotions көптеген танымал боксшылардың ісін жүргізеді, олардың қатарында ең белгілісі мексикалық Сауль «Канело» Альварес (50-1-2, 34 КО).

Мұның алдында Жүкембаев және Eye of Tiger Managment президенті Камиль Эстефан арасындағы қатынастың бұзылғаны хабарланған еді.  Ал Жүкембаевтың өзі карьерасын АҚШ-та жалғастырғысы келетінін мәлімдеген. 

«Мақсатым — әлемге танылу». Батыр Жүкембаев АҚШ-та жұдырықтасу жайында

Жүкембаев соңғы жекпе-жегінде мексикалық Патрисио Мореноны (20-3, 14 КО) нокаутқа түсірген.