Жорж Сен-Пьер: Хабиб — әлемнің ең үздік файтері

0

UFC-дің бұрынғы чемпионы Жорж Сен-Пьер мансабын аяқтаса да, Хабиб Нурмагомедовпен төбелескісі келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

– Біз Хабибпен жекпе-жек өткізуге тырыстық. Мен оның төбелескісі келгенін білемін, алайда UFC компаниясының басқа жоспарлары болды. Соққы дарымайтын адаммен төбелесу — қорқынышты әрі қызық.

Хабиб қазіргі кезде сондай.  Қандай жағдай болсын, Хабиб — әлемнің ең үздігі, оған әрқашан жақсылық тілеймін , – деді Сен-Пьер баспасөз конференциясында.



Дереккөз: prosports.kz/kz