ЖХЛ. «Сарыарқа» плэй-оффтың ширек финалына жолдама алды

0

Қарағандылық «Сарыарқа» ЖХЛ плэй-офф кезеңінің 1/8 финалында «Юграға» қарсы үшінші матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қарағандыда өткен кездесуде айдын иелері 4:2 есебімен жеңіске жетті. «Сарыарқа» сапынан Павел Махановский, Айрат Зиазов, Артур Сарваров пен Кирилл Тамбиев шайба салды.

Осылайша, қазақстандық команда серияда 3:0 есебімен жеңіске жетіп, ЖХЛ плэй-оффының 1/4 финалына шықты.

«Сарыарқа» (Қарағанды) — «Югра» (Ханты-Мансийск) — 4:2 (3:0, 0:0, 1:2)

1:0 — Махановский (Тамбиев) — 05:44 ГБ
2:0 — Зиазов (Ремов, Тамбиев) — 08:20
3:0 — Сарваров (Тамбиев) — 09:32 ГБ
3:1 — Ващенко (Пилипенко, Берлев) — 45:00
4:1 — Тамбиев (Ремов) — 47:00 ГБ
4:2 — Пилипенко (Матерухин, Берлев) — 58:34 ГБ

Серия есебі: «Югра» — «Сарыарқа» 0:3 (2:3, 1:2 ОТ, 2:4)



Дереккөз: prosports.kz/kz