Жаттықтырушылар штабы көп жұмыс істейді

0

Суперкубок ойыны қарсаңында «Қайрат» шабуылшысы Адеринсола Эсеола Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының баспасөз қызметі қойған сауалдарға жауап берді.

 Жаңа маусымға дайындықты қалай бағалайсың?

— Біздің команда жаңа философияны ұстанады. Алға оң қадам басып келеміз. Маусымды тезірек басталғанын күтіп жүрміз.

 Команданың жаңа бапкері Алексей Шпилевский туралы не айтасыз?

— Жаттықтырушылар штабы көп жұмыс істейді. Олар мүлдем ұйықтамайтын сияқты. Тәулік бойы футбол туралы ойлайды. Алға қойылған биік мақсаттар орындалуы тиіс.

— Жаңа бапкерлердің келуімен «Қайраттың» ойын үлгісі өзгерді ме?

— Әрине. Тактика мен ойын философиясы өзгерді. Нәтиже береді деп ойлаймыз. Менің жасыл алаңдағы міндеттерім көбейе түсті.

 Жаңа ойыншылар туралы не айтасыз? Олар жаңа ұжымға жылдам қосылды ма?

— Раде Дугалич үшін оңайлау болды. Өйткені, ол орыс тілінде сөйлейді. Ресейде ойнады. Менталитетті жақсы түсінеді. Қалған ойыншылар да жылдам бой үйретті. Алматыға бейімделу үшін шамалы уақыт керек. «Қайратта» жаңа ойыншыларды қатарға қабылдауда ешқандай мәселе болмады.

 Маусымашар ойында «Астананы» қалай ұтуға болады?

— Жеңіске жетуді қалаймыз. Басты үміт осы. Жақсы ойын көрсетуге ұмтыламыз.  

 Өткен маусымда ел чемпионатының үздік шабуылшысы атануға бір-екі доп жетпеді. Биыл сол атаққа ұмтыласыз ба?

— Шабуылшы әрқашан осындай мақсаттарды алға қоюы тиіс. Шабуылшының жұмысы – гол соғу. Турнир ұзаққа созылады. Жеңімпаз соңында аяқталады. Менің міндетім  — әр ойында көзге түсу.



Дереккөз: prosports.kz/kz