Жансель Дениз Мысырда күміс жүлдегер атанды
Египеттің Хургада қаласында таеквондодан G2 санатындағы рейтингілік турнир мәресіне жетті. Соңғы жарыс күнінде Қазақстан қоржыны бір күміс медальмен толықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеп.
73 келідегі ұлттық құрама үздігі Жансель Дениз ақтық сында германиялық спортшыдан ұтылып, турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Жарыстың бірінші күнінде Айнұр Есбергенова мен Нұрлан Мырзабаев қола жүлде тағынған болатын.
Осылайша, Египет төріндегі рейтингілік турнирден Қазақстан құрамасы үш медаль иеленді. Турнирге жалпы есебі 200-ден аса спортшы қатысты.
Дереккөз: prosports.kz/kz