Жансая Әдіханова мен Әбіш Байтқанов төртінші орынды місе тұтты

0

Красноярск қаласында өтіп жатқан ХХІХ қысқы дүниежүзілік универсиадада мәнерлеп сырғанаудан жұптық сайысы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бірінші орынды Анастасия Полуянова мен Дмитрий Сопот (Ресей) иеленді. Екінші орынға Алиса Ефимова мен Александр Коровин (Ресей) жайғасса, үздік үштікті тағы бір ресейлік спортшылар Александра Кошевая мен Дмитрий Бушланов түйіндеді.

Осы сайыста өнер көрсеткен жерлестеріміз – Жансая Әдіханова мен Әбіш Байтқанов төртінші орынды қанағат тұтты.



Дереккөз: prosports.kz/kz