Жәнібек Әлімханұлы салмақ өлшеу рәсіміне қатысты
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1КО) бесінші жекпе-жегі алдында дәстүрлі салмақ өлшеу рәсімнен өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жәнібектің кезекті қарсыласы қарсыласы америкалық Стивен Мартинес (18-4, 13 КО).
Қос боксшы да салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. Әлімханұлының салмағы 162 фунт, ал Мартинестің салмағы 160,4 фунт болды.
Айта кетейік, жекпе-жек 3 ақпан күні АҚШ-тың Фриско қаласында өтеді. Кездесуді Qazaqstan телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Бокс кешінің басты жекпе-жеінде ресейлік Сергей Ковалев пен колумбиялық Элейдер Альварес жартылай ауыр салмақтағы WBO чемпиондық атағын сарапқа салады.