Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы болады

Америкалық боксшы кіші Уго Сентено қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен спарринг өткізгеннен кейін өз әсерімен бөлісті.
«Жәнібек – тамаша боксшы. Ол өте ақылды. Мен кәсіпқой рингте 30 жекпе-жек өткіздім. Ал Жәнібек әлем чемпионы секілді жұдырықтасады. Өте ақылды жігіт, соққылары дәл. Ол әлем чемпионы болады», — деді Сентено.
Айта кетейік, Әлімханұлы келесі жекпе-жегін 12 сәуірде Лос-Анджелесте өткізеді. Оның қарсыласы мексикалық Кристиан Оливас болады.
Дереккөз: prosports.kz/kz