Жан Кособуцкийдің қарсыласы анықталды

29 қаңтарда отандық боксшы Жан Кособуцкий кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кособуцкийдің қарсыласы Босния және Герцеговина өкілі Срджан Говедарица (6-6, 5 КО) болмақ. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған. Боксшылар Беларусь астанасы Минскіде өтеді.
Айта кетейік, суперауыр салмақта жұдырықтасатын Жан Кособуцкий кәсіпқой рингте 8 жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтаған. Оның 7-еуі – нокаутпен.