Зеефельд қаласында шаңғы жарысынан әлем чемпионаты аяқталды
Австрияның Зеефельд қаласында шаңғы жарысынан әлем чемпионаты аяқталды. Біріншіліктің соңғы жарыс күнінде 50 шақырымдық масс-старт бәсекесі өтті.
Бұл қашықтықта норвегиялық Ханс Кристер Холунн алтын, ресейлік Александр Большунов күміс, тағы бір норвегиялық Шур Рете қола медаль жеңіп алды.
Қазақстан сапынан үздік нәтижені Евгений Величко көрсетті. Ол мәреге 37-ші болып келді. Дәулет Рахымбаев 54-ші сатыда.
Норвегия ерлер құрамасы шаңғы жарысынан өткен барлық жарысқа жеңімпаз атанды. Олар жалпы есебі 10 алтын, 3 күміс және 5 қола медаль иеленген.
Дереккөз: prosports.kz/kz